Коллоидтар және фазааралық беттер - 2025
Баяндамалар талабы
«Коллоидтар және фазааралық беттер - 2025»
V Халықаралық ғылыми конференциясы
Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1. Баяндаманың көлемі толық 1 беттен аспауы қажет. Беттің форматы - А4 (21х29,7см), беттердің бағдары кітаптық форматта рәсімделуі тиіс.
2. Баяндама мәтіні Microsoft Word форматындағы қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде рәсімделген бір файл түрінде ұсынылады. Баяндаманың соңғы беті толық толтырылуы тиіс.
3. Беттің өлшемдері: жоғарғысы - 2 см, төменгісі - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1,5 см.
4. Шрифті Times New Roman, KZ Times New Roman; әріп өлшемі- 12 pt.
5. Жол аралығы (интервалы) – бір қойылымды; абзацтық қойылым - 1 см; колонтитулсыз; екі жақтық түзету – орталық бойынша, сөзді тасымалдауға тыйым салынады.
6. Пайдаланылған әдебиетке сiлтеме тiк жақшалармен сөйлемнiң соңында көрсетіледі.
7. Пайдаланылған әдебиеттiң тiзiмi библиографиялық жазба ережесі бойынша баяндаманың соңында көрсетіледі.
8. Сiлтеменi пайдаланбау.
9. Баяндаманың мәтiнiнде пайдаланылатын график түрiнде материалдар, суреттер нөмiрленуі тиіс, мәтінде сілтемелер мен аты белгіленуі тиіс.
10. Баяндаманың мәтiнiнде пайдаланылатын график түрiнде материалдар, суреттер JPG форматында болуы тиіс
11. Баяндама келесі нұсқау бойынша рәсімделінеді:
Құжаттың ортасында бас әріптермен баяндаманың атауы орналасады. Жаңа жолдан ортасында автордың аты-жөні, тегі орналасады, жұмыс орны, қаласы көрсетіледі. Жаңа жолдан баяндаманың мәтіні. Негізгі мәтіннен бір аралықтан кейін «Әдебиеттер» жазылады Тақырыптан кейін бiр аралық арқылы библиографиялық жазбаның ережесі бойынша әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Баяндама мәтінін электрондық нұсқада doc.\docx. берулеріңіз тиіс (файл автордың атауымен сақталып, вебсайтқа жүктеу арқылы жіберілуі тиіс).
Ұйымдастыру комитеті конференцияның қойылған талаптарына және тақырыбына сәйкес келмейтін материалдардың жариялануына рұқсат бермеуге құқылы. Қағаз түріндегі баяндама қайтарылмайды. Үздік баяндамалар конференция аяқталған соң рецензияланудан өтіп, ҚазҰУ хабаршысы. Химия сериясында жарияланатын болады.