Коллоидтар және фазааралық беттер - 2025
Өтетін орны және контактілер
«Коллоидтар және фазааралық беттер-2025» V Халықаралық ғылыми конференцияның Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы
050040, Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71, ХжХТф корпусы (ГУК-5), 3 қабат, № 307 бөлме
Тікелей байланыс телефондары: +7 (727) 221-15-08, +7 (727) 377-36-11, +7 (727) 221-15-09
Тел. ішкі байл.: 15-08.
Алдыңғы конференция туралы мағлұматты көру үшін басыңыз
Алматы қаласы Қала Евразия құрылығының дәл ортасында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 700 ден 1100 м биіктікте, Тянь-Шань тауының етегінде Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Қаланың климаты ауыспалы, температурасы жыл мезгіліне қарай және тәулік мезгіліне қарай да өзгереді. Қала шегі солтүстікке қарай далалы, ары қарай жартылай құмды болып ауысып, Қаскелен Мойынқұмына жалғасады. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте Медеу шатқалымен шектеседі. Алматы Қазақстанның табиғаты сұлу тау қойнауында, Орта Азияның климаттық жағдайы ең қолайлы жерлерінің бірінде орналасқан. Бұл туристер үшін оңтайлы өлке. Мұнда тамашалап көретін, Хан Тәңірі шыңы мен Шымбұлақтың қар басқан жолдарынан бастап Ұлы Жібек жолы, Дыбысты құмдар маршруттарына дейінгі бірегей жерлер өте көптеп кездеседі. Алматы – Іле Алатауы баурайында алқызыл гүлге бөленген, Орта Азияның ең әсем қалаларының бірі ретінде мойындалған қала.