Коллоидтар және фазааралық беттер - 2025

Конференция тақырыптары және дедлайн

 


 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларын, коллоидтық химия және нанохимия саласындағы мамандарды, PhD-докторанттарды, магистранттар мен студенттерді 2025 жылғы 3-5 маусым аралығында өтетін "Коллоидтар мен фазааралық беттер - 2025" халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады

 

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

 

1 секция. Беттік құбылыстар және фазааралық қабаттардағы адсорбция. 

2 секция. Нанодисперсті жүйелер, наноматериалдар, микрокапсуляция. 

3 секция. Құрамында полимер бар дисперсті жүйелер. Биоколлоидтар. Тағамдық коллоидтар.

4 секция. Коллоидтық химияның қолданбалы аспектілері және тұрақты даму

 

Конференция бағдарламасына пленарлы, ауызша және стендтік баяндамалар енетін болады.

Халықаралық ғылыми конференция материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілінде қабылданады және осы үш тілде жүргізіледі.

 

Конференцияға тіркелу үшін дедлайн 2025 жылдың 20 мамыр

 

Конференцияға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет (мында басыңыз):

1. Шаблондағыдай талаптарға сәйкес ресімделген баяндама тезисін жіберу - шаблон doc форматта;

2 Тіркеу жарнасының төленгені туралы түбіртекті жүктеу - pdf форматта;

 

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы төмендегідей

Ғалымдар үшін (резидент) 20 000 ₸

Студенттер үшін (резидент)

10 000
Шетелдік ғалымдар үшін 150 $
Шетелдік студенттер үшін 50 $
Резиденттердің серіктері үшін 15 000
Шетелдік ғалымдар серіктері үшін 100 $

 

Тіркелу жарнасына конференцияға қатысу, конференция материалдарын жариялау, кофе-брейк, Іле Алатау тауларына және Алматы қаласы бойынша экскурсия кіреді.

Конференцияға қатысуға қатысты басқа шығындарды ҚАТЫСУШЫ өзі төлейді.

Ұйымдастыру комитетіне келіп түскен баяндама тезистері конференцияның материалдар жинағында жарияланып таратылады.

 

Алматы қонақ үйлері туралы ақпаратты  сілтеме арқылы  немесе booking.com вебсайты арқылы табуға болады