- Main
- Museum
- Ташкент мемлекеттік медицина университетінің оқытушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді
Ташкент мемлекеттік медицина университетінің оқытушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді
2 December 2025
Бүгін Ташкент мемлекеттік медицина университетінің оқытушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келді. Делегацияға университет тарихы мұражайы бойынша экскурсия жүргізіліп, қонақтар ҚазҰУ-дың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен танысты.
Оқытушылар әсіресе әл-Фарабидің ғылыми мұрасына, сондай-ақ университеттің көрнекті түлектері мен құрметті профессорлары туралы материалдарға ерекше қызығушылық танытты. Қонақтар мұражайдағы ақпараттың танымдылығын атап өтіп, көптеген сұрақтар қойып, өздері үшін жаңа мәліметтер алғандарын жеткізді.

Other news
10 November 2026
9 November 2026