Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да маңызды кездесу өтті
1 April 2025
📍2025 жылдың 1 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ: БІРЛІК, ДАМУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРУ» атты кездесу өтті. Іс-шара барысында Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайдағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасы талқыланды.
🎤 Кездесуде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Ұлттық ғылым академиясының академигі Берекет Карибаев, экономика ғылымдарының докторы Жаппар Жұман, докторант Айдана Сыдыкова және ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз сөйледі.
💡 Кездесу барысында ұлттық тарихтың өзекті мәселелері, цифрлық технологияның экономикаға әсері, адами капиталды дамыту және білім мен ғылымның экономикаға ықпалы талқыланды.
Other news
11 November 2026
11 November 2026
11 November 2026