«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ»
2026 жылғы 7 қарашада Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында (ҚазБСҚА) «Талдау мектебі. Алматы» жобасы аясында «Президент жолдауы: жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға спикер ретінде PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының доценті м.а., факультет деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байтукаева Дана Өмірбекқызы қатысты. Баяндама «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» және ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар») қол жеткізу аясында жасалды. Кездесу барысында құқық үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті дамыту, цифрлық трансформация және қазіргі қоғамдағы жасанды интеллекттің рөлі мәселелері қарастырылды. Мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы және заңнаманы сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудағы «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызына ерекше назар аударылды. Іс-шараға «Талдау мектебі. Алматы» талдау мектебінің түлектері, Алматы қаласының жастар саясаты саласының өкілдері, түрлі кәсіби салалардың мамандары, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚазБСҚА студенттері қатысты.
Кездесу ашық пікір алмасуға, сараптамалық көзқарастармен бөлісуге және Қазақстан дамуының өзекті міндеттерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар