Баспасөз қызметі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаменті жоғары оқу орнының қызметін насихаттауға арналған іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етеді. Басқарма Төрағасы – Ректор қатысуымен өтетін іс-шараларды және шетелдік іс-сапарларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Басқарма Төрағасы – Ректордың БАҚ өкілдерімен кездесулерін, баспасөз конференцияларын, сұхбаттары мен брифингтерін ұйымдастырады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаментінінің директоры – Баспасөз хатшысы
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ
Әл-Фараби даңғылы 71
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаменті:
Басқарма Төрағасы – Ректор қатысуымен өтетін іс-шаралардың кәсіби және сапалы фото және бейнетүсірілімдерін әзірлейді.
Университеттің ресми веб-сайтына ақпараттық материалдарды дайындайды, редакциялайды, орналастырады.
Сонымен қатар университет жетістіктерін, ғалымдардың инновациялық жобаларын көпшілікке таныстырады.
Департамент құрамында төрт басқарма, бір сектор бар.
1. Баспасөз қызметі басқармасы университет өмірінен www.Farabi.university сайтында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпарат таратып, жоғары деңгейдегі іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Басқарма Төрағасы – Ректор қатысуымен өтетін іс-шараларға аккредиттелген журналистердің жұмысын үйлестіреді.
«Farabi media» ютуб-каналына контент әзірлейді. БАҚ өкілдерінің ресми сауалдарына жауап береді.
Басқарма құрамындағы Ақпарат және мониторинг секторы БАҚ-қа күнделікті мониторинг жүргізіп, ҚазҰУ-дың сарапшы-ғалымдары мен спикерлерінің әртүрлі телебағдарламаларға қатысуын жүзеге асырады. Медиакеңістікте қоғамның теріс пікіріне әкелетін ақпарат анықталған жағдайда бірінші басшыға уақытында баяндап отырады.
2. FARABI MEDIA басқармасы
Шығармашылық телестудия іс-шараларды кәсіби және сапалы фото-бейнетүсірілімдермен қамтамасыз етіп, хроникалық сюжеттер, деректі фильмдер мен арнаулы бағдарламаларды дайындайды. Атап айтқанда: «Ойталқы», «ҚазҰУ-дың инновациялық жобалары», «Көшбасшылық дәрістер», шетелдік профессорлар мен оқытушы-профессорлар құрамының дәрістері, «Аптаның айшықты оқиғалары» және басқа бағдарламалар.
3. Farabi University сайт басқармасы
Басқарма білім ордасының Farabi University ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына ақпараттық материалдарды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді орналастырады. Оқытушы-профессорлар құрамы ұсынған ақпараттарды өңдеп, БАҚ-ты ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді.
2023 жылы университет сайтын ақпараттық Smart-платформаға айналдыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
Жаңа сайт-платформаның басты артықшылықтары:
– Оқу ақысын онлайн төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
– Білім бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беретін фильтр жұмыс істейді.
– Бастапқы бетте университеттің негізгі көрсеткіштері автоматты түрде жаңартылып отырады.
– Онлайн-сервистер қатары енгізілді.
– Сайт кескіні мен модульдері заманауи дизайнмен әрленді.
«QAZAQ UNIVERSITETI» газеті
«Qazaq universiteti» – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың төл басылымы. Апталық 1948 жылдың 20 сәуірінен шыға бастады. Басылым 2022 жылдың қаңтар айынан республикалық мәртебеге ие болды. Тиражы – 2000 дана. Газеттен салиқалы сұхбаттарды оқып, студенттерге арналған беттер және ғылыми мақалалармен танысуға болады.
Газеттің негізгі бағыты – оқырмандарды елдегі және университеттегі айтулы жаңалықтармен таныстыру. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады.
«Qazaq universiteti» газеті 2022 жылдың қаңтар айынан республика көлемінде таратылады. Газетке Halyk bank QR қосымшасы арқылы жазылуға мүмкіндік бар.
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Журналистер одағы, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» және Халықаралық Жамбыл қорының «Жамбыл» сыйлығының иегері. Президенттің Алғыс хатымен, ТҮРКСОЙ ұйымының, Еуразия Жазушылар қауымдастығының баспасөз саласындағы арнайы жүлдесімен марапатталған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Тәуелсіздік тудырған таланттар» және Қытай Халық Республикасында «Танымал әннің тарихы» кітабы жарық көрген. Республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері.
«Айқын» республикалық газетінде Мәдениет, Ақпарат бөлімдерінің меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы (Баспасөз хатшысы) қызметтерін атқарды. Қазіргі сәтте Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры (Баспасөз хатшысы).

Әйгерім Әлімбекова – Ақпарат және коммуникациялар департаментінің шеф-редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, корпоративтік коммуникация саласының сарапшысы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің үздік түлегі. Осы оқу орнында 17 жыл бойы үздіксіз еңбек етіп, тілшіліктен «Қазақ университеті» газетінің бас редакторына дейінгі жолдан өтті. Сонымен қатар «Білім» және «Қазақ энциклопедиясы» баспаларында редакторлық әрі басқарушылық тәжірибе жинақтаған.

Мадина Жуасбекқызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары. 2017–2021 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр. 2021–2023 жж. – Қайнар университеті, «Психология» мамандығы бойынша магистратура. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарады. Университеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыруға, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуға, ресми сайт пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстарды үйлестіруге, сондай-ақ университеттің имиджін нығайтуға бағытталған коммуникациялық жобаларды ұйымдастыруға жауапты.

Нұрсұлтан Базарбайұлы Жексенбаев – редактор-журналист, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің түлегі.
ҚазҰУ-дың Ақпарат және коммуникациялар департаментінде ректор қатысуымен өткен шаралардан ақпарат жазып, түрлі тақырыптарда телебағдарламалар әзірлеп, сценарий жазумен айналысады.
Атырау облысы әкімінің Баспасөз қызметінде Ақпарат және шығармашылық бөлімінің басшысы, Атырау қаласы әкімінің Баспасөз хатшысы, «Атырау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Баспасөз хатшысы, Атырау облыстық телеарнасында жаңалық қызметінің редактор-жүргізушісі, облыс әкімі журналистік пулының тілшісі қызметтерін атқарған.

Гүлнар Тәжиева– Ақпарат және коммуникациялар департаментінің «Qazaq universiteti» газеті басқармасы басшысы, «Qazaq universiteti» газетінің бас редакторы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Гүлнар Жұмабайқызы ұзақ жылдар бойы республикалық «Жас Алаш», «Айқын» газеттерінде тілші, бөлім редакторы, жоғары санатты шолушы, тілшілер қосынының жетекшісі қызметтерін атқарған. «Ел тірегі – экономика», «Өмір өткелдері» кітаптарының авторы.

Назерке Асхатқызы — редактор, журналист, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті «Farabi Media» телестудиясы басқармасының басшысы.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Телевизиялық бағдарлама, редакторлық қызмет және ақпараттық контент әзірлеу саласында тәжірибесі бар. Кәсіби қызметінде журналист, редактор және тележүргізуші болып жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта «Farabi Media» телестудиясы басқармасының жұмысын басқарады. Телевизиялық және ақпараттық материалдарды дайындау жұмысын үйлестіреді. Сонымен қатар университеттік жаңалықтар топтамасын әзірлеп, телевизиялық сюжеттер мен түрлі бағыттағы бағдарламаларды дайындайды.

Гүл Баяндина – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің Ақпараттық жұмыс және мониторинг секторының жетекшісі.
Гүл Құттыбекқызы журналистика саласында 1994 жылдан бері еңбек етіп келеді. Кәсіби қызмет жолында «31 арна», НТК, КТК, «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарында тілші, редактор, жүргізуші, сценарист және бас редактор қызметтерін атқарған. 2000 жылы КТК телеарнасында автор әрі редактор ретінде «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасын ашты. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі ұйымдастырған байқауда бағдарлама «Үздік экономикалық телебағдарлама» номинациясы бойынша III орынға ие болды. Қаржы нарығын дамытуға арналған үздік телесюжеті үшін «Қалам қаржы» байқауында III орын алды. Сонымен қатар банк саласында баспасөз хатшысы, бірқатар компанияларда PR-менеджер қызметтерін атқарған.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
ТАТУ КӨРШІ, СЕНІМДІ СЕРІКТЕС. 2022-2025 ЖЫЛ.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. 2021-2024 ЖЫЛ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. 2024 ЖЫЛ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. 2023 ЖЫЛ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. 2022 ЖЫЛ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. 2021 ЖЫЛ
АЙШЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР 2025 ЖЫЛ
АЙШЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР 2024 ЖЫЛ
АЙШЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР 2023 ЖЫЛ
АЙШЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР.2022 ЖЫЛ
АЙШЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР.2021 ЖЫЛ
ИННОВАЦИОННЫЕ ПРОЕКТЫ КАЗНУ
ҚАЗҰУ-ДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ
ІNNOVATIVE PROJECTS OF KAZNU
МАҢЫЗДЫ МЕЗЕТ
ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ И НАУКОЕМКАЯ ПРОДУКЦИЯ КазНУ им.АЛЬ-ФАРАБИ. ЧАСТЬ 1
ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ И НАУКОЕМКАЯ ПРОДУКЦИЯ КазНУ им.АЛЬ-ФАРАБИ. ЧАСТЬ 2
INNOVATIVE TECHNOLOGIES AND HIGH-TECH PRODUCTS OF AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERCITY7 PART 1
INNOVATIVE TECHNOLOGIES AND HIGH-TECH PRODUCTS OF AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERCITY7 PART 2
| Қызметі | Телефоны | Электронды адрес |
| Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Қаншайым Мәуленқызы Байдәулет | Ішкі – 3443 | Kanshaiym.Baidauletova@kaznu.edu.kz |
| Ақпарат және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Мадина Жуасбекқызы | Ішкі – 3011, +77477041299 | |
Ақпарат және коммуникациялар департаментінің шеф-редакторы Әйгерім Әлімбекова | +7 701 143 4356 | |
| «Qazaq universiteti» газеті басқармасының басшысы Гүлнар Жұмабайқызы Тажиева | Ішкі - 3227 | Gulnar.Tazhiyeva@kaznu.edu.kz |
| Farabi University сайт басқармасының басшысы Шерхан Молдахметұлы | ішкі - 3286 | |
| Баспасөз қызметі басқармасының басшысы Нұрсұлтан Базарбайұлы Жексенбаев | 87789593397, ішкі – 3286 | Nursultan.Zheksenbayev@kaznu.edu.kz |
| Ақпараттық жұмыс және мониторинг секторының жетекшісі Баяндина Гүл Құттыбекқызы | 87772228764, ішкі - 1194 | Gul.Bayandina@kaznu.edu.kz |
| Farabi Media басқармасының басшысы Назерке Асхатқызы | ішкі – 1640 |