Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті — ҚазҰУ

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2018 жылдың 15 қаңтарында Ақпараттық технологиялар факультеті ашылды. Бұл – уақыт талабы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру және заманауи технологияларды дамыту бағытындағы бастамалары аясында елімізде ақпараттық технологиялар саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстанды цифрландыру, ақпараттық технологиялар саласында білім алатын, жасанды интеллектпен және «үлкен мәліметтермен» (Big Data) жұмыс істей алатын білікті жастар мен мамандардың қатарын көбейту. Бағдарламаның басты бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды өмірдің барлық салаларында кеңінен қолдану және дамыту.

Осы саладағы жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында факультетте «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасы ашылды. Факультеттің негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың IT-секторын динамикалық тұрғыда дамытып, оны әлемдік деңгейге жеткізе алатын жоғары білікті мамандар даярлау.

2025 жылдан бастап Ақпараттық технологиялар факультеті Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті болып өзгертілді. Бұл өзгеріс факультеттің білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарын кеңейтуге, жасанды интеллект, деректерді талдау және заманауи цифрлық технологиялар саласында жаңа мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған.

Иманкұлов Тимур Сакенұлы, PhD

+7(727)377-33-34, 33-50 Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71/23 222-деканат

Бейнепрезентация