🇰🇿 Кафедрамыздың жаңа AI-досы пайда болды! 🐿️🤖
"🇰🇿 Кафедрамыздың жаңа AI-досы пайда болды! 🐿️🤖
Кампусымызда сүйкімді тиіндер мекендейді. 🌳🐿️ Енді солардың бірі цифрлық суперқабілетке ие болды! ⚡
Таныс болыңыздар — Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының болашақ AI-амбассадоры! 🚀
Ол нейрожелілерді жақсы біледі, бағдарламалауды ұнатады, дедлайнның не екенін түсінеді және студенттік өмірдің вайбын жақсы сезінеді. 💻😎
Алда AI-мемдер, студенттік оқиғалар, технологиялық лайфхактар және көптеген қызықты дүниелер күтіп тұр!
Бірақ бір мәселе бар… Кейіпкеріміздің әзірге ресми есімі жоқ! 🤔
Кафедра меңгерушіміз @talshyn.sagdatbek өз нұсқасын ұсынып үлгерді — AI Тиін [Ай Тиін] 🐿️✨
Ал сіз қандай есім ұсынар едіңіз?
💬 Ендеше, ат қою сайысын бастаймыз! Ұсыныстарыңызды пікірге жазыңыздар. Мүмкін, дәл сіз таңдаған есім кафедрамыздың тарихында қалар!"
Басқа жаңалықтар