«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ЭКО-БОЛАШАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында «Эко-болашақ» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шара білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және табиғатты қорғау бастамаларын қолдауға бағытталды.
Акция барысында факультет тыңдаушылары оқу ғимаратының айналасындағы аумақты тазалап, ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Қатысушылар бірлесе еңбек етіп, экологиялық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділіктің маңыздылығын іс жүзінде көрсетті.
Іс-шара аясында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары туралы ақпарат беріліп, әсіресе ТДМ 4 – «Сапалы білім», ТДМ 11 – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер», ТДМ 13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» және ТДМ 15 – «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағыттарына ерекше назар аударылды.
Экологиялық акция жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, олардың бойында ұжымдық еңбек, азаматтық жауапкершілік және қоршаған ортаны қорғау құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.
«Таза Қазақстан – таза болашақтың кепілі!»