- Басты бет
- Жаңалықтар
- Медициналық білім беру мен клиникалық практикаға инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Медициналық білім беру мен клиникалық практикаға инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту
AXS Studio компаниясымен ынтымақтастық аясында біз медициналық және ғылыми анимацияның заманауи технологияларын жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерімен ұштастыра отырып, дәрігер-резиденттерге арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеудеміз.
Сонымен қатар, ауруларды ерте диагностикалау және медициналық кескіндерді талдау үшін жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеуге маманданған халықаралық Qure.ai компаниясымен стратегиялық әріптестік орнаттық. Компания платформасы рентгенологиялық, компьютерлік-томографиялық және басқа да медициналық зерттеулерді автоматтандырылған түрде талдауға арналған AI құралдарын ұсынады. Бұл дәрігерлерге патологиялық өзгерістерді ертерек анықтауға және диагностиканың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Әріптестік аясында алдағы уақытта Qure.ai технологияларын медициналық жобаларымызға енгізіп, тәжірибеде қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл диагностиканың сапасын арттыруға және клиникалық практиканы жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашады.
ESMO конгресі аясында онкогинекологияға арналған негізгі ғылыми сессияларға қатысып, күнделікті клиникалық практикаға енгізуге болатын заманауи ғылыми жетістіктер мен инновациялық тәсілдермен таныстық. Сонымен қатар, конгресс көрме алаңында соңғы ғылыми жарияланымдармен танысып, кәсіби дамуымызға бағытталған бірлескен жобалар аясында ынтымақтастық орнату жөнінде келіссөздер жүргіздік.
Басқа жаңалықтар