«Діни бостандық және эктремизмге қарсы күресі»
2026 жылғы 11 қарашада БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында ТДМ 16 - «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсатына арналған «Діни бостандық және эктремизмге қарсы күресі» тақырыбында халықаралық онлайн дөңгелек-үстел өткізілді.
Іс-шара Қазақстан, Қытай және Моңғолия елдерінің білім алушыларын біріктіріп, халықаралық қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және діни экстремизмге қарсы күрес бойынша өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды. Іс-шараға Заң факультетінің Құқықтану мамандығы бойынша 1-курс студенттері, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының 1-курс студенттері және Заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алуға Қытай Халық Республикасы мен Моңғолиядан келген магситранттар қатысты.
Іс-шараның мақсаты:
1) Білім алушыларға терроризм және экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
2) Студенттерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
3) Білім алушыларға бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Іс-шара барысында білім алушылар презентация жасап, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті. Бір-біріне тақырып бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар, Заң факультетіның 1-курс студенттері діни экстремизммен күресу жолдары бойынша өз топтарының модельдерін ұсынды.
Ұйымдастырушылар: Шет тілі кафедрасының аға оқытушылары Мусанова Г.А., Айсултанова Қ.А., Мурзатаева А.Т., Махарова Г.С.
Басқа жаңалықтар