🚀 ҚазҰУ магистранты NVIDIA компаниясының CEO-сымен кездесті! — ҚазҰУ

🚀 ҚазҰУ магистранты NVIDIA компаниясының CEO-сымен кездесті!

28 қазан 2026
🚀 ҚазҰУ магистранты NVIDIA компаниясының CEO-сымен кездесті!

"🚀 ҚазҰУ магистранты NVIDIA компаниясының CEO-сымен кездесті!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті, «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының 1-курс магистранты Амирханов Алихан Астана қаласында әлемге әйгілі NVIDIA технологиялық компаниясының бас атқарушы директорымен (CEO) кездесті.

Еске сала кетейік, Алихан HackAlem AI 2026 халықаралық хакатонында «Инновациялар» бағыты бойынша І орын иеленген болатын. Ол байқауда жасанды интеллект негізінде жиналыс хаттамаларын автоматты түрде қалыптастыратын «Хаттама» жобасын ұсынған.

Бұл кездесу жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың, инновациялық идеялар мен жас таланттардың әлеуетін көрсететін маңызды оқиға болды.

🎓 Кафедра ұжымы Алиханға алдағы уақытта жаңа жетістіктер, тың жаңалықтар мен ғылыми табыстар тілейді!

#KazNU #ҚазҰУ #NVIDIA #ArtificialIntelligence #BigData"