Жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері: молекулалық биология және генетика кафедрасының білім алушылары МҒЗЖ – 2026 конкурсының жеңімпаздары атанды — ҚазҰУ

Жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері: молекулалық биология және генетика кафедрасының білім алушылары МҒЗЖ – 2026 конкурсының жеңімпаздары атанды

9 қараша 2026
Жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері: молекулалық биология және генетика кафедрасының білім алушылары МҒЗЖ – 2026 конкурсының жеңімпаздары атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті молекулалық биология және генетика кафедрасының жас зерттеушілері 2026 жылғы магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары (МҒЗЖ) конкурсында өз ғылыми жобаларын сәтті ұсынып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

7М05105 – «Генетика» білім беру бағдарламасының өкілдері конкурс қорытындысы бойынша бес жүлделі орынға ие болып, ғылыми ізденістерінің ауқымдылығы мен зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін көрсетті.

Бірінші орын екінші курс магистранты Лейла Ибрагимоваға бұйырды. Ол «E. coli бактериясындағы аутолизиннің тримерлі формасының экспрессиясын талдау» тақырыбындағы ғылыми жұмысын ұсынды. Ғылыми жетекшісі – PhD, аға оқытушы И.Т. Смекенов.

Екінші орынды екі магистрант иеленді:

  • Уркия Куралова – «Каталитикалық белсенділігі өзгертілген адамның аденин ДНҚ-гликозилазасының функционалды экспрессиясын зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін. Ғылыми жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор С.М. Тайпакова.
  • Рената Халматова – «Inonotus obliquus (Hymenochaetales тұқымдасы) саңырауқұлағының генопротекторлық әлеуетін зерттеу» тақырыбындағы жұмысы үшін. Ғылыми жетекшісі – PhD, доцент А.В. Ловинская.

Үшінші орынға екі қатысушы ие болды:

  • Диас Меерманов, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 2-курс студенті, «Геномдық және онтологиялық деректер негізінде Мендельдік аурулардың жаңа гендерін басымдық бойынша анықтауға арналған нейросимволдық тәсіл» тақырыбындағы зерттеуін ұсынды. Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Ж. Бейсенова.
  • Рамина Нургалиева, Биология және биотехнология факультетінің 2-курс магистранты, «STR-генотиптеу негізінде Мұғалжар жылқы тұқымына генетикалық талдау» тақырыбындағы ғылыми жұмысын қорғады. Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.А. Алтыбаева.

Ұсынылған ғылыми зерттеулер заманауи молекулалық биология мен генетиканың маңызды бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, ДНҚ репарациясы механизмдерін зерттеу, биологиялық нысандардың генопротекторлық қасиеттерін бағалау, геномдық деректерді талдау және молекулалық-генетикалық әдістерді ғылыми зерттеулерде қолдану мәселелеріне басымдық берілген.

Бес жүлделі орын – кафедраның ғылыми әлеуетінің, жас зерттеушілердің ізденімпаздығы мен ғылыми бағыттарының сан алуандығын айқындайтын елеулі жетістік.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы барлық жеңімпаздар мен олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтайды! Алдағы ғылыми қызметтеріне табыс, зерттеу жобаларының сәтті жүзеге асуын және жаңа ғылыми жаңалықтар ашуларын тілейміз!