Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен кезекті жиналыс
Жиналыста студенттер үйлеріндегі тұрмыс-тіршілік жағдайы, тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ студенттер үшін қолайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында студенттер үйлеріндегі санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалу барысы, техникалық құрылғылардың жарамдылығы мен қауіпсіздігі, инженерлік жүйелердің жағдайы және өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерінің дайындық деңгейі қаралды.
Сонымен қатар, студенттер арасында тәртіп бұзушылықтардың алдын алу, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау, жатақханадағы мәдени-әлеуметтік ахуалды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттік ұйымдармен және тәлімгерлік топтармен бірлескен жұмыстардың тиімділігін арттыру бағытында ұсыныстар айтылды.
Жиын барысында студенттік қалашық аумағындағы тазалық пен абаттандыру, күзгі-қысқы маусымға дайындық, тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыстар, сондай-ақ студенттердің өтініштері мен ұсыныстарын қарастыру және оларға уақытылы жауап беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жиналыс қорытындысында студенттердің жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер белгіленіп, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктелді. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.


Басқа жаңалықтар