Цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесу
2026 жылғы 16 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері үшін «Заң және тәртіп» жобасы аясында жастардың цифрлық қауіпсіздігі және цифрлық иммунитетін қалыптастыру мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік заң клиникасының өкілдері, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, шақырылған сарапшылар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Спикерлер ретінде:
Қуаналиева Гүлдана Амангелдіевна - заң ғылымдарының докторы, профессор, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі;
Сағынаев Мейржан Егинбаевич - Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы;
Қасымова Раушан Нұрқасымовна - Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының сарапшысы, «Құрмет» орденінің кавалері;
Рашева Гүлнұр Қойшыновна - PhD, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доцент міндетін атқарушы;
Көбеев Дәурен Асқарович - полиция подполковнигі, Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі сөз сөйледі.
Кездесу студенттердің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған пайдалы алаңға айналды. Қатысушылар дербес деректерді қорғау және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық сақтау бойынша тәжірибелік ұсынымдар алды.
Студенттік заң клиникасы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға өз үлесін қосуды жалғастыруда.