FARABI UNIVERSITY PRESS-ДАЙДЖЕСТ. 14-19.09.2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2026 жылдың 14-19 қыркүйек аралығындағы пресс-дайджесті:
- ҚазҰУ ректоры студенттермен кездесті;
- Аралқұм бақылауда: Қазақстан мен Қытайдың бірлескен зерттеулері;
- ҚазҰУ-да тәжірибе алмасуға арналған халықаралық семинар өтті;
- ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті;
- ҚазҰУ мен JIDA стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне қадам басты;
- ҚазҰУ ғалымдары мұнай өндіруді оңтайландыру үшін кванттық есептеулерді қолдануда;
- Қазақ ұлттық университеті Кореяның жоғары оқу орындарымен әріптестікті кеңейтуде;
- ҚазҰУ студенті Дүниежүзілік жастар фестивалінде ел намысын қорғауда;
- 4,5 мыңнан астам маман: Қазақстан атом энергетикасы саласына кадрларды қалай даярлап жатыр;
- Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі;
- ҚазҰУ ғалымдары декарбонизация жөніндегі өңірлік форумға қатысты;
- ҚазҰУ мен Сеул ұлттық университеті жаңа ғылыми бастамаларды жүзеге асырады;
- ҚазҰУ өкілі Ұлттық ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып сайланды;
- ҚазҰУ ғалымдары ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға арналған инновациялық өнім әзірледі.
- Сана мен ми сырлары: ҚазҰУ-дағы ғылыми орталық нені зерттейді? / Ғылыми зертхана
- ҚазҰУ студенттері Алматы қаласындағы сенбілікке қатысты
Әлеуметтік желі – 85
БАҚ - 40
1.ҚазҰУ ректоры студенттермен кездесті
14.09.2026 г.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және Қазақстанды заманауи цифрлық мемлекетке трансформациялау жөніндегі тапсырмаларына сәйкес Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Сондай-ақ ректор университеттің алдағы жоспарлары туралы айтып, Президенттің Жолдауында белгіленген, жастарды қолдауға және дамытуға бағытталған тапсырмалардың іске асырылуы жөнінде ақпарат берді.
- https://www.youtube.com/watch?v=_YokZlDqW_I
- https://www.nur.kz/society/2427915-rektor-kaznu-vstretilsya-s-obladatelyami-altyn-belgi/
- https://bilimdinews.kz/?p=297468
- https://dknews.kz/ru/v-strane/404838-bolee-8-tysyach-pervokursnikov-postupili-v-kaznu-v
- https://astanatv.kz/ru/news/178025/
- https://youtu.be/smm046YFDGA?si=MhPAGrdCwjhsa4bV
- https://youtu.be/vb37DVRtMm4?si=d1flOsrxE-lK7SqU
- https://qazaquni.kz/news/165385-bilim-ordasynyn-bassysy-altyn-belgi-iegerlerimen-kezdesti
- https://qazaq1913.com/2026/09/15/rektor-zha-a-o-u-zhylynda-altyn-belgi-iegerlerimen-kezdesti/
- https://turkystan.kz/article/288798-zana-oqu-zylynda-qazuu-ga-8-mynnan-astam-student-qosyldy
- https://aikyn.kz/310237/uzdik-tulektermen-kezdesu-otti
- https://vapress.kz/ru/article/v-kaznu-po-porucheniyu-glavy-gosudarstva-uskoryat-tsifrovuyu-transformatsiyu-dlya-studentov.html
- https://aqshamnews.kz/kz/article/qazuu-rektory-zhana-oqu-zhylynda-altyn-belgi-iegerlerimen-kezdesti.html
- https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=6&id=67942
- https://dknews.kz/kz/kazak-tilindegi-makalalar/404839-kazuu-ga-8117-student-kosyldy-universitet-cifrlyk
2.Аралқұм бақылауда: Қазақстан мен Қытайдың бірлескен зерттеулері
14.09.2026 г.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының PhD, профессор м.а. Гүлнұр Исанова Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтының ғалымдарымен бірлесіп, Шығыс Арал өңіріндегі жердің деградациясын, жел эрозиясын және экожүйелерді қалпына келтіру тетіктерін зерттеп жатыр.
3.ҚазҰУ-да тәжірибе алмасуға арналған халықаралық семинар өтті
15.09.2026 г.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде орналасқан Қазақстанның төмен биіктіктегі экономикасын индустриялық-зерттеу орталығының (KazLAE) базасында жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған халықаралық семинар өтті.
4.ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
15.09.2026 г.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға студенттер, оқытушылар мен университет қызметкерлері белсенді қатысып, оқу орнының аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, оқу ғимараттары мен жатақханаларға іргелес аумақтарды ретке келтірді.
- https://bilimdinews.kz/?p=297498
- https://qazaq1913.com/2026/09/15/az-u-da-taza-aza-stan-akcijasy-ajasynda-senbilik-tti/
- https://aikyn.kz/310280/k-azu-u-da--taza-k-azak-stan--akciyasy-ayasynda-senbilik-otti
- https://turkystan.kz/article/288852-qazuu-da-taza-qazaqstan-akciiasy-aiasynda-senbilik-otti
https://7kun.kz/ru/news/kazu-da-taza-kazakstan-akciasy-aasynda-senbilik-tti - https://dalanews.kz/kz/article/qazuu-da-taza-qazaqstan-akciiasy-aiasynda-senbilik-otti.html
5.ҚазҰУ мен JIDA стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне қадам басты
15.09.2026 г.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алина Галеева мен Жапонияның халықаралық ынтымақтастық және даму қауымдастығының (JIDA) президенті Гүлзат Жарқын бастаған делегация арасында маңызды кездесу өтті. Келіссөздердің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестікті ғылым, білім беру, академиялық ұтқырлық және жоғары білікті кадрлар даярлау салаларында сапалы жаңа деңгейге көтеру.
6.ҚазҰУ ғалымдары мұнай өндіруді оңтайландыру үшін кванттық есептеулерді қолдануда
16.09.2026 г.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары кванттық компьютерлерді пайдалана отырып, мұнай өндіру процестерін модельдеу бағытында зерттеулер жүргізіп жатыр.
- https://farabi.university/news/106756?lang=ru
- http://integrocity.kz/news/govkz-1292699.html
- https://www.ratel.kz/kaz/ot_nejronnyh_setej_k_kvantovym_raschetam_kaznu_predlagaet_novyj_instrument_dlja_optimizatsii_neftedobychi
- https://airpress.kz/culture/kaznu-kvantovaya-model-neftedobycha/
- https://www.inform.kz/ru/kazahstanskie-uchenie-razrabotali-kvantovuyu-model-dlyaneftedobichi-bcedd1de
- https://ru.sputnik.kz/20260916/kvantovye-vychisleniya-v-neftedobyche-uchenye-kazakhstana-predlozhili-novyy-podkhod-66683854.html
- https://www.caravan.kz/news/kazahstanskie-uchenye-pridumali-kak-ispolzovatsja-kvantovye-vychislenija-v-neftedobyche/
- https://elemnews.kz/pravitelstvo/kazahstanskie-ucheny-e-razrabotali-kvantovuyu-model-dlya-neftedoby-chi
- https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1292699?lang=ru
7.Қазақ ұлттық университеті Кореяның жоғары оқу орындарымен әріптестікті кеңейтуде
16.09.2026 г.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Коре университетімен және Ёнсе университетімен стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Келісімдер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары және «Корея – Орталық Азия» саммиті аясында жасалды.
8.ҚазҰУ студенті Дүниежүзілік жастар фестивалінде ел намысын қорғауда
17.09.2026 г.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің 1-курс студенті Бахтияр Ақылбай Екатеринбургте өтіп жатқан Халықаралық жастар фестивалінде Қазақстанның және еліміздің жетекші жоғары оқу орнының атынан қатысуда. «Жастар және балалар» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған ауқымды форумға әлемнің 190 елінен 10 мыңнан астам белсенді жас жиналды.
9. 4,5 мыңнан астам маман: Қазақстан атом энергетикасы саласына кадрларды қалай даярлап жатыр
17.09.2026 г.
Атом энергетикасын дамыту тек нысандар салу, жабдықтар сатып алу және технологияларды енгізумен шектелмейді. Мұндай міндеттердің әрқайсысының артында инженерлер, физиктер, энергетиктер, ғалымдар, құрылысшылар, радиациялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының сарапшылары сияқты мамандар тұр. Сондықтан кадрлар даярлау Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
- https://zhaik.su/7671/bolee-45-tysyachi-specialistov-kak-kazakhstan-gotovit-kadry-dlya-atomnoy-energetiki
- https://www.vechastana.kz/news/podgotovka-specialistov-dlia-atomnoi-otrasli-kakie-vozmoznosti-kazaxstan-predlagaet-molodezi
- https://tizgin.kz/kadry-dlya-atomnoi-energetiki-kak-kazahstan-gotovit-speczialistov-dlya-novoi-otrasli/
10.Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі
17.09.2026 г.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары экономика және бизнес мектебінде студенттермен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі» тақырыбында кездесу өтті.
11.ҚазҰУ ғалымдары декарбонизация жөніндегі өңірлік форумға қатысты
18.09.2026 г.
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен халықаралық серіктестердің қатысуымен Орталық Азия мен Еуропаның декарбонизация жөніндегі ІІІ өңірлік форумы өтті. Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары да қатысты.
«Сутегі саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің өңірлік желісін қалыптастыру» тақырыбындағы панельдік сессияда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD Бақыт Ханиев спикер ретінде сөз сөйледі.
12.ҚазҰУ мен Сеул ұлттық университеті жаңа ғылыми бастамаларды жүзеге асырады
18.09.2026 г.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сеул ұлттық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған келісім «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммиті аясында жасалды.
13.ҚазҰУ өкілі Ұлттық ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып сайланды
18.09.2026 г.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры Қуаныш Тастамбек Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
14.ҚазҰУ ғалымдары ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға арналған инновациялық өнім әзірледі
18.09.2026 г.
Мемлекеттік ғылымды қолдау және оны өндіріспен ықпалдастыру аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асырды. Ғылым қорының гранттық қаржыландыруы аясында зерттеушілер тобы органикалық ауыл шаруашылығына арналған «NanoKukirt» инновациялық бифункционалды препаратын әзірледі.
- https://farabi.university/news/106818?lang=ru
- https://www.inform.kz/ru/kazahstanskie-uchenie-vtroe-povisili-urozhaynost-kukuruzi-s-pomoshyu-novogo-prep-50c66cce
- https://ratel.kz/kaz/uchenye_kaznu_razrabotali_preparat_dlja_zaschity_rastenij_i_povyshenija_urozhajnosti
- https://dknews.kz/ru/dk-life/405340-v-kaznu-zayavili-o-trehkratnom-roste-urozhaynosti
- https://regtv.kz/2026/09/19/ent-kazahstanskie-ychenye-razrabotali-innovacionnyi-prodykt-dlia-povysheniia-yrojainosti-selhozkyltyr.html
- https://www.tazabek.kg/ca/news:12758/
- https://aikyn.kz/310470/k-azak-standyk--g-alymdar-zhugeri-onimdiligin-ush-ese-arttyratyn-preparat--zirledi
- https://dknews.kz/kz/kazak-tilindegi-makalalar/405341-kazuu-galymdary-zhugeri-onimdiligin-ush-esege
15.Сана мен ми сырлары: ҚазҰУ-дағы ғылыми орталық нені зерттейді? / Ғылыми зертхана
16.ҚазҰУ студенттері Алматы қаласындағы сенбілікке қатысты