әл-Фараби атындағы ҚазҰУ техникалық персоналына арналған құқықтық кеңес — ҚазҰУ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ техникалық персоналына арналған құқықтық кеңес

22 қыркүйек 2026
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ техникалық персоналына арналған құқықтық кеңес

 2026 жылғы 22 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік заң клиникасында университеттің техникалық персоналына тегін құқықтық кеңес өткізілді.

   Іс-шараға Қаржы, кеден және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Г.К., сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

  Кездесу барысында Зидинова Гулбакши Миккаевна мен Зидинова Сауле Кумьяровнаға еңбек заңнамасы мәселелері бойынша құқықтық кеңес беріліп, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек құқықтарын қорғау тәртібі түсіндірілді.

  Кеңес барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қажетті құқықтық түсіндірмелер мен ұсынымдарға ие болды.