№17 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті. — ҚазҰУ

№17 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.

23 қыркүйек 2026
№17 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.

2026 жылғы 23 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №17 Студенттер үйінде студенттермен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және жастар арасында жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараға Студенттер қалашығының бас маманы Б.К. Дихан, Студенттер қалашығы әкімшілігінің қызметкерлері және Филология факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.А. Шортанбай қатысты.

Кездесу барысында студенттердің құқықтары мен міндеттері, Студенттер үйіндегі тәртіп ережелері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық ортадағы мінез-құлық мәдениеті және өзара құрмет мәселелері талқыланды. Сонымен қатар академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және әрбір студенттің өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауының маңыздылығы атап өтілді.

Б.К. Дихан өз сөзінде студенттік кезеңнің жастардың тұлғалық және азаматтық тұрғыдан қалыптасуындағы маңызды кезең екенін атап өтті. Ол әрбір студент өз құқықтары мен міндеттерін біліп қана қоймай, заң мен тәртіп талаптарын сақтауға, қоғамдық ортада өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануға шақырды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Пікір алмасу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз әрі қолайлы студенттік орта қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер қозғалды.

Осындай кездесулер студенттердің құқықтық білімін жетілдіруге, заң талаптарын құрметтеуге, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және студенттік ортада тәртіп пен өзара сыйластықты нығайтуға бағытталған маңызды профилактикалық жұмыстардың бірі болып табылады.