Абилова Гулжахан Турсынгалиевна — ҚазҰУ

Абилова Гулжахан Турсынгалиевна

24 қыркүйек 2026
Абилова Гулжахан Турсынгалиевна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D110200 – Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Абилова Гулжахан Турсынгалиевнаның «Совершенствование организации реабилитационной помощи в г.Алматы пациентам, перенесшим острое нарушение мозгового кровообращения» тақырыбында диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасында орындалған.

Қорғау форматы – диссертация.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Хамидулла Алима Абаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, неврология кафедрасының доценті, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ (Ақтөбе қ., Қазақстан). 

Мамандығы: 6D110100 – «Медицина»

2. Асылбек Мейргүл Ысрайлқызы - PhD, неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының ассистенті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (Шымкент қ., Қазақстан). 

Мамандығы: 8D10139- «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Ғылыми кеңесшілер:

1. Калматаева Жанна Амантаевна - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры (Алматы қ., Қазақстан).

2.  Ковальчук Виталий Владимирович - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Медициналық оңалту орталығының жетекшісі, «Н.А. Семашко атындағы №38 қалалық аурухана» Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік денсаулық сақтау мекемесінің орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылған науқастарды оңалту бөлімшесінің меңгерушісі (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы). 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.Куракбаев Куралбай - медицина ғылымдарының докторы, «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының профессоры, «ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университеті (Алматы қ., Қазақстан). 

2.Қастей Рауан Мейрамұлы – PhD, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасының №3 нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы ҚДС басқармасының штаттан тыс бас тамырлық нейрохирургы (Алматы қ., Қазақстан). 

3.Сидоров Евгений Вадимович - медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Оклахома университетінің Денсаулық сақтау ғылымдары орталығының қан тамырлық және стационарлық неврология бағытының басшысы (Оклахома-Сити, АҚШ).  

Қорғау 2026 жылдың 28 қазан сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған «8D10101 (6D110200) – Қоғамдық денсаулық сақтау», «8D10102 (6D110100) – Медицина», «8D10104 (6D110400) – Фармация», «8D10103- Мейіргерлік іс» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді. Офлайн қорғау келесі мекен-жайда өтеді: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасының 308 кабинеті, аль-Фараби даңғылы 71, Алматы қ.

Zoom сілтемесі: https://zoom.us/j/99869556977?pwd=NpVDIbjWuTjvvcZtiC2cSuSNQjTROQ.1 

Конференцияның идентификаторы: 998 6955 6977

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық