- Басты бет
- Жаңалықтар
- Конституциялық құқықтар мен міндеттер: азамат, қоғам және мемлекет арасындағы құқықтық сабақтастық
Конституциялық құқықтар мен міндеттер: азамат, қоғам және мемлекет арасындағы құқықтық сабақтастық
2026 жылғы 16 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде 1-курс студенттеріне арналған «Конституциялық құқықтар мен міндеттер: азамат, қоғам және мемлекет арасындағы құқықтық сабақтастық» тақырыбында кездесу өтті. Республикалық «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсаты — «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында ұйымдастырылған іс-шараға Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьялары Спандиярова Сауле Тайгараевна және Шамшаева Бибигуль Абаевна, бас маман – сот отырысының хатшылары Бухарбаев Нурбек Нурланулы, Жангабылова Мадина Габитовна және Өтеген Жансая Мұхтарқызы, сондай-ақ факультет басшылығы, кафедра меңгерушісі, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер қатысты.

Кездесуді заң факультетінің деканы, профессор Уалихан Ақыпбекұлы Ахатов ашты. Судьялар өз баяндамаларында студенттердің құқықтық мәдениеті мен болашақ заңгерлердің кәсіби жауапкершілігін қалыптастырудың маңызын атап өтті. Сот өкілдері кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Ашық сұхбат барысында конституциялық құқықтар мен міндеттердің өзара байланысы, оларды жүзеге асырудағы азаматтың, қоғамның және мемлекеттің рөлі, сондай-ақ сот арқылы қорғау тетіктері талқыланды. Іс-шараны кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор м.а. Талғат Төлеуұлы Балашов қорытындылап, қонақтарға алғыс хаттар табыстады. Кездесу болашақ заңгерлердің заңға құрметін нығайтуға, теориялық білімін сот тәжірибесімен ұштастыруға және таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Іс-шараға жауапты кураторлар: PhD, доцент м.а. Райымбергенова К.Т. және аға оқытушы Тұрысбек А.
Басқа жаңалықтар