Ғылыми жарияланымдар үшін сыйақы алуға өтінім қабылдау басталды — ҚазҰУ

Ғылыми жарияланымдар үшін сыйақы алуға өтінім қабылдау басталды

20 қазан 2026
Ғылыми жарияланымдар үшін сыйақы алуға өтінім қабылдау басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2026 жылы Web of Science және/немесе Scopus дерекқорларында индекстелген ғылыми жарияланымдар үшін сыйақы алуға өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қабылданады.

Сыйақы беру университет ғалымдарының жарияланымдық белсенділігін арттыруға, жоғары рейтингті халықаралық басылымдарда сапалы ғылыми еңбектер жариялауды ынталандыруға және университеттің халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделін нығайтуға бағытталған.

Өтінімдерді университет аффилиациясымен жарияланған ғылыми еңбектердің авторлары сыйақы беру ережесіне сәйкес ұсына алады.

Өтінімдер publicationawards.farabi.university сайты арқылы беріледі.

Маңызды: Өтінім бермес бұрын қоса берілген сыйақы беру ережесімен мұқият танысып, жарияланымның белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру қажет.

Бір мақала бойынша өтінімді тек бір рет беруге болады. Бұрын ұсынылған, соның ішінде сыйақы тағайындаудан бас тартылған мақалалар бойынша қайталама өтінімдерді жүйе қабылдамайды.