- Басты бет
- Сөйлеген сөздері
- «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі инновациялар, ғылым және пәнаралық әріптестік: зерттеулерден – практикаға» республикалық конференциясында сөйлеген сөзі
«Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі инновациялар, ғылым және пәнаралық әріптестік: зерттеулерден – практикаға» республикалық конференциясында сөйлеген сөзі
Құрметті Асқарбек Маратұлы!
Құрметті конференция қонақтары,
оқытушы-профессорлар мен білім алушы жастар!
Баршаңызды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатқан республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Қош келдіңіздер!
Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – халықаралық деңгейде танылған ірі ғылыми-білім беру және зерттеу орталығы.
ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымы 9 ғылыми-зерттеу институты, 39 ғылыми орталық және 155 зертхананы біріктіріп отыр.
Университетте 400-ге жуық ғылыми жоба сәтті жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар соңғы үш жылда қара шаңырағымызға 110 миллион доллар инвестиция тартылып, 60-тан астам заманауи зертхана пайдалануға берілді.
Біздің басты ұстанымымыз – осы жоғары ғылыми әлеуетті қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағыттау.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:
«Ғылым мен білім – ел дамуының басты қозғаушы күші.
Кез келген реформа мен инновацияның түпкі мақсаты – азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту және әлеуметтік әділеттілік орнату», – деп атап өткен болатын.
Президентіміз айтқандай, ғылымның шынайы құндылығы оның нәтижелерінің адам өмірін жақсартуға қызмет етуімен өлшенеді.
Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы бүгінгі конференциямыздың бағытымен толық үндеседі.
Себебі қазіргі кезеңде әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру
ғылыми негізделген шешімдерді;
заманауи цифрлық және инновациялық технологияларды;
мемлекет, ғылыми ұйымдар мен халықаралық серіктестер арасындағы пәнаралық тығыз әріптестікті талап етеді.
Уважаемые участники конференции!
КазНУ имени аль-Фараби уделяет особое внимание развитию инклюзивного образования, укреплению социальной ответственности и внедрению научных разработок в практику.
В университете успешно функционирует Научно-практический центр «Инклюзивная среда».
Сегодня у нас обучаются 75 студентов, нуждающихся в инклюзивной поддержке.
Для них созданы все условия для получения качественного образования, активного участия в жизни университета и успешной социальной адаптации.
Кроме того, наши преподаватели и студенты принимают активное участие в общественных инициативах по защите прав детей, поддержке социально уязвимых слоев населения, повышению правовой грамотности и развитию социальной ответственности.
Ярким примером наших научных достижений в этой сфере является логопедическая платформа LogopedAI.kz, разработанная на основе искусственного интеллекта на казахском языке.
В рамках проекта, реализованного учеными университета:
Сформирована база данных из 8214 аудиозаписей детской речи;
Разработано 1178 мультимедийных обучающих ресурсов;
Усовершенствованы технологии автоматического распознавания речи на базе ИИ.
Результаты этого исследования уже прошли первоначальное апробирование в двух дошкольных организациях города Алматы.
Это наглядный пример того, как отечественная наука и цифровые технологии направлены на решение реальных социальных задач.
Для нас ценность таких проектов заключается не только в технологической новизне, но и в расширении возможностей помощи детям и семьям, нуждающимся в особой поддержке.
Поэтому КазНУ готов и впредь укреплять сотрудничество с профильными научными центрами, государственными органами и международными организациями в сферах социальной защиты, инклюзивного образования, реабилитации, цифровых технологий и подготовки кадров.
Құрметті қатысушылар!
Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің «ізгі қоғам» туралы идеялары қазіргі әлеуметтік саясаттың адамға бағдарланған қағидаттарымен сабақтасып жатыр.
Қоғам дамуының басты өлшемі – тек экономикалық немесе технологиялық жетістіктер емес.
Басты өлшем – әрбір азаматқа жасалған тең мүмкіндік, адам қадір-қасиетіне деген құрмет және әлеуметтік әділеттілік.
Осы биік мақсатқа жетуде ғылым мен тәжірибенің, білім мен әлеуметтік саясаттың өзара ықпалдастығы шешуші рөл атқарады.
Бүгінгі конференция ғылыми нәтижелерді нақты практикаға енгізуге, жаңа бірлескен бастамаларға жол ашып, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге тың серпін береді деп сенемін.
Жиынды ұйымдастырушыларға, отандық және шетелдік ғалымдарға, барша қатысушыларға шынайы алғысымды білдіремін.
Баршаңызға жемісті жұмыс, табысты ғылыми ізденістер мен жаңа биіктер тілеймін!
Назарларыңызға рақмет!