- Басты бет
- Ғылым
- «8D05108- Геоботаника» білім беру бағдарламасы докторанты докторлық диссертациясын сәтті қорғады
«8D05108- Геоботаника» білім беру бағдарламасы докторанты докторлық диссертациясын сәтті қорғады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің Ботаника және агроэкология кафедрасы 8D05108 – «Геоботаника» білім беру бағдарламасының докторанты Едилова Айгүлді докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды!

Бұл маңызды жетістік – докторанттың көпжылдық ғылыми ізденісі, табанды еңбегі мен білімге деген ұмтылысының нәтижесі.
Докторанттың ғылыми жетекшісі, профессор Зарина Аркенжановнаға шәкіртін жоғары деңгейде даярлап, ғылыми жолда бағыт-бағдар бергені үшін алғыс білдіреміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне әрдайым қуана беріңіз!
Едилова Айгүлге алдағы ғылыми-зерттеу қызметінде толағай табыстар, жаңа ғылыми жаңалықтар мен кәсіби биіктер тілейміз!
Кафедрамызда осындай қуанышты сәттер көп болып, жас ғалымдарымыздың ғылыми жетістіктері мен сәтті қорғаулары жалғасын таба берсін!
Басқа жаңалықтар