- Басты бет
- Теңдік, әралуандық және инклюзия кеңсесі
- ТДМ №3,5: ҚазҰУ-да жастарға арналған ЮНИСЕФ хабы ашылды
ТДМ №3,5: ҚазҰУ-да жастарға арналған ЮНИСЕФ хабы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub кеңістігінде Алматы қаласы әкімдігімен ынтымақтастық аясында ЮНИСЕФ жастар хабының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа интерактивті кеңістік жастардың бастамаларын қолдауға, олардың әлеуетін дамытуға және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Хаб жастардың білім алуына, тәжірибе жинақтауына, волонтерлік қызметке қатысуына және қоғамдық мәселелерді шешуге белсенді араласуына мүмкіндік береді. Хаб қызметінің негізгі бағыттарына психологиялық саулық, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, цифрлық қауіпсіздік, салауатты өмір салты және экологиялық мәдениетті дамыту кіреді. Сонымен қатар, жастар арасында тең мүмкіндіктерді ілгерілету, инклюзивті мәдениетті қалыптастыру және әрбір жас адамның қоғам өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау мәселелеріне де ерекше мән беріледі. Жаңа кеңістік үш функционалдық аймақтан тұрады: білім беру аймағы, цифрлық контент жасау студиясы және қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға арналған нетворкинг аймағы.
Ашылу салтанатында университет, мемлекеттік органдар, ЮНИСЕФ және қоғамдық ұйым өкілдері жастардың әлеуетін дамыту, психологиялық әл-ауқат, қауіпсіз әрі инклюзивті орта қалыптастыру және әлеуметтік бастамаларды қолдау мәселелерін атап өтті. ЮНИСЕФ жастар хабы университеттегі жастар бастамаларын қолдауға, инклюзивті құндылықтарды дәріптеуге және әрбір жас адамның өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруына ықпал ететін маңызды алаңға айналмақ.



.jpeg)