Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай–Орталық Азия офтальмологтарының конгресі өтті — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай–Орталық Азия офтальмологтарының конгресі өтті

7 қараша 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай–Орталық Азия офтальмологтарының конгресі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай–Орталық Азия офтальмологтарының конгресі өтті (Silk Road Eye Congress Almaty 2026)

 

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қытай мен Орталық Азия елдерінің мамандары арасында заманауи офтальмология саласындағы тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналған Қытай–Орталық Азия офтальмологтарының конгресі өтті.

    Конгресс бағдарламасында клиникалық тәжірибенің өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, балалар мен ересектер арасындағы миопия, Шанхай қаласының озық тәжірибесі, глаукома мәселелері, сондай-ақ көру қабілетін бақылау мен түзетудің жаңа әдістері талқыланды. Қатысушылар көз ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи тәсілдерін қарастырып, инновациялық технологиялармен және ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен танысты.
Конгресс жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың офтальмология мамандығы бойынша резиденттері өздерінің клиникалық тәлімгері Жұлдыз Сейтжапарқызы Айдарбековамен бірге белсенді қатысты. Жас мамандар мен олардың тәлімгерінің қатысуы кәсіби білім көкжиегін кеңейтуге, практикалық дағдыларын жетілдіруге және халықаралық ғылыми тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
     Конгресс университеттің офтальмология мектебін дамыту жолындағы маңызды оқиғаға айналып, жоғары білікті мамандар даярлаудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.