«FARABI AI & INNOVATION FORUM 2026: Идеядан – инновацияға» республикалық студенттік форумы өтеді — ҚазҰУ

«FARABI AI & INNOVATION FORUM 2026: Идеядан – инновацияға» республикалық студенттік форумы өтеді

13 қараша 2026 – 13 қараша 2026

«FARABI AI & INNOVATION FORUM 2026: Идеядан – инновацияға» республикалық студенттік форумы өтеді

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының студенттерін, магистранттарын және оқытушыларын Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай, «Digital Qazaqstan Day – 2026» аясында 2026 жылғы 10-13 қараша аралығында өтетін «FARABI AI & INNOVATION FORUM 2026: Идеядан – инновацияға» республикалық студенттік форумына қатысуға шақырады.

 

Форумның мақсаты

Жасанды интеллект саласындағы студенттік жобаларды идеядан инновациялық өнімге дейін қолдау, студенттік технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, ЖОО-лар мен IT-қауымдастық арасында тәжірибе алмасу.

 

Форум бағдарламасы

Форум аясында «AI-Sana Startup Challenge 2026» студенттік стартап-жобалар байқауы, менторлық сессиялар, шеберлік сыныптары және жеңімпаздарды марапаттаумен пленарлық сессия өтеді. Толық бағдарламамен афишадағы QR-код немесе мына сілтеме арқылы танысуға болады: Форум бағдарламасы.

                                   

Форумға қатысушылар

IT бағыттарындағы студенттер мен магистранттар, оқытушылар, IT-компаниялар мен стартап-қауымдастық өкілдері.

 

Тіркеу

Форумға қатысу үшін 2026 жылғы 12 қарашаға дейін мына сілтеме арқылы тіркелу қажет: Тіркеу формасы (немесе афишадағы QR-код арқылы).

 

Өтетін орны

Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, KazLAE орталығы.

 

Байланыс үшін

Сатымбеков Мақсатбек Нұрғалиұлы, тел.: +7 777 579 2334, e-mail: m.n.satymbekov@gmail.com.

Сіздерді форумға қатысушылар қатарынан көруге қуаныштымыз!

Форумның ұйымдастыру комитеті