IV Қазақстандық философиялық конгресс өтті
2026 жылғы 7 қарашада Алматы қаласындағы «Ғылым ордасында» «Қазақстан қоғамының философиясы: құндылықтық бағдарлар және даму перспективалары» тақырыбында IV Қазақстандық философиялық конгресс өтті.
Ғылыми форумға отандық және шетелдік ғалымдар, философтар, зерттеушілер, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конгресс барысында қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік әділеттілік, философиялық білім беру және цифрлық технологиялардың қоғамдық санаға ықпалы талқыланды.
Пленарлық отырыс пен тақырыптық секцияларда түркі және дала философиясының мұрасы, философиялық ойлау мәдениеті және ғылыми зерттеулерді дамытудың жаңа бағыттары қарастырылды.
Конгресс қазақстандық философия ғылымының өзекті мәселелерін талқылауға және ғылыми қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар