Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен кезекті жиналыс өтті. — ҚазҰУ

Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен кезекті жиналыс өтті.

9 қараша 2026
Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен кезекті жиналыс өтті.

      Студенттік қалашықтың ұйымдастыруымен студенттер үйлерінің меңгерушілері мен жауапты мамандардың қатысуымен кезекті жұмыс жиналысы өтті. Жиын барысында студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуы және студенттер үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.

      Жиналыс барысында студенттер үйлеріндегі қауіпсіздік жағдайына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы, эвакуациялық шығу жолдарының ашық болуы, электр құрылғыларын пайдалану тәртібі және бейнебақылау жүйелерінің жұмыс жағдайы қарастырылды. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу және мұндай жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет ету тәртібі сөз болды.

      Сондай-ақ студенттер арасында құқық бұзушылықтардың, буллингтің және жанжалдардың алдын алу, түнгі уақытта тәртіпті сақтау, бөгде адамдардың студенттер үйлеріне кіруіне жол бермеу мәселелері қозғалды. Студенттердің жеке қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы және күмәнді жағдайлар туралы жауапты мамандарға уақытылы хабарлауы қажеттігі атап өтілді.

      Жиын қорытындысы бойынша студенттер үйлеріндегі қауіпсіздік шараларын күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

      Аталған жұмыстар студенттердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға және Студенттік қалашықтағы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.