«Компьютерлік лингвистика және корпус тілтануы» жас ғалымдар мен студенттер жобалары көрмесі аясындағы «Computational Linguistics» воркшопы — ҚазҰУ

«Компьютерлік лингвистика және корпус тілтануы» жас ғалымдар мен студенттер жобалары көрмесі аясындағы «Computational Linguistics» воркшопы

11 қараша 2026
«Компьютерлік лингвистика және корпус тілтануы» жас ғалымдар мен студенттер жобалары көрмесі аясындағы «Computational Linguistics» воркшопы

    «Компьютерлік лингвистика және корпус тілтануы» тақырыбындағы жас ғалымдар мен студенттер жобалары көрмесін ұйымдастыру аясында Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ассистент-профессоры Таубаев Жарас Турысбекович «7M01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарына «Computational Linguistics» тақырыбында ауқымды воркшоп өткізді.

   Воркшоп компьютерлік лингвистиканың негізгі бағыттарын қамтыды. Олардың   қатарында табиғи тілді өңдеу (NLP), автоматты аударма, компьютерлік лексикография, сөйлеуді тану және синтездеу, мәтіндерді талдау, электрондық корпустарды құру және оларды қолдану мәселелері бар. Тілдік деректерді талдаудың заманауи цифрлық технологияларына, сондай-ақ оларды лингвистикалық зерттеулерде және шетел тілдерін оқытуда пайдалануға ерекше назар аударылды.

    Магистранттар компьютерлік лингвистика саласындағы білімдері мен дағдыларын автоматты аударма жүйелерін, электрондық сөздіктерді, чат-боттар мен виртуалды көмекшілерді әзірлеуде, электрондық тілдік корпустарды құру мен талдауда, терминдерді автоматты түрде іріктеп алуда, сондай-ақ мәтіндердің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктерін зерттеуде қолдана алады.

Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ассистент-профессоры Ж.Т. Таубаев, «7M01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс магистранттары.