Саты ауылындағы туризм: PolyU мен ҚазҰУ қонақжайлылықтың әлеуметтік қырларын зерттеді — ҚазҰУ

Саты ауылындағы туризм: PolyU мен ҚазҰУ қонақжайлылықтың әлеуметтік қырларын зерттеді

13 қараша 2026
Саты ауылындағы туризм: PolyU мен ҚазҰУ қонақжайлылықтың әлеуметтік қырларын зерттеді

Саты ауылында туристер мен жергілікті тұрғындардың қарым-қатынасы қалай қалыптасады? Ауылдың қонақжайлылығы мен туристік қызметін дамытуда әйелдер қандай рөл атқарады? Гонконг политехникалық университеті (PolyU) мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлескен жобасы аясында осы сұрақтар бойынша тереңдетілген сұхбаттар жүргізілді.

Сатыдағы далалық жұмыстарды жобаның ҚазҰУ тарапынан ғылыми жетекшісі Сақыпбек Мереке Аманжоловна үйлестірді. Зерттеуге ҚазҰУ командасының зерттеу ассистенті Саткали Илан Қуанышқызы қатысты.

Сұхбаттарда туристер мен ауыл тұрғындарының қандай жағдайда араласатынына, әйелдердің қонақ қабылдау тәжірибесіне және осы қарым-қатынастың тұрғындардың туризмді дамытуға қатысуымен байланысына назар аударылды. Жиналған материалдар туризмнің ауылдың күнделікті өміріндегі орнын және оның әлеуметтік орнықтылығына ықпал ететін жағдайларды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.