«Менеджмент» кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинарлар өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасында докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге бағытталған кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары PhD, Ж.Н. Кусмолдаеваның жоспарына сәйкес ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды.16 қараша күні кафедраның 2 курсында білім алатын 33 докторанттың, ал 19 қараша күні 3 курс бойынша 26 докторанттың қатысуымен ғылыми-әдістемелік семинарлар бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.
Семинар барысында докторанттардың диссертациялық зерттеулерінің өзекті мәселелері қарастырылып, ғылыми жұмыстардың мазмұны, зерттеу бағыты, әдістемелік тәсілдері мен алынған нәтижелерін жетілдіру бойынша пікірлер мен ұсыныстар берілді.
Комиссия мүшелері әр докторанттың диссертациялық жұмысына қатысты жеке кеңес беріп, зерттеу тақырыбын тереңдету, ғылыми-теориялық және практикалық маңызын арттыру, зерттеу әдістемесін жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар ұсынды.
Ғылыми-әдістемелік семинарлар докторанттардың ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамытуға, диссертациялық жұмыстардың сапасын арттыруға және ғылыми ізденістерін жүйелі түрде жалғастыруға маңызды мүмкіндік берді.
«Менеджмент» кафедрасы докторанттардың ғылыми әлеуетін дамытуға, сапалы диссертациялық зерттеулер жүргізуіне және отандық ғылымның дамуына үлес қосатын білікті мамандар даярлауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.