Айтынова Арайлым Елдосқызы — ҚазҰУ

Айтынова Арайлым Елдосқызы

20 қараша 2026

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05101 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Айтынова Арайлым Елдосқызының «Түйежапырақ киiз (Arctium tomentosum Mill.) фитопрепаратының биологиялық белсенділігін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің зоология, гистология және цитология кафедрасында және «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ-да орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Огай Вячеслав Борисович – биология ғылымдарының кандидаты, профессор, ЖШС Ұлттық биотехнология орталығының бағаналы жасушалар зертханасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.02 – Биофизика.

2. Каржаубекова Жанат Жумабековна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ботаника және фитоинтродукция институтының өсімдік ресурстары зертханасының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 02.00.10 – Биоорганикалық химия.

Ғылыми жетекшілері:

1. Шалахметова Тамара Минажевна – биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті зоология, гистология және цитология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Богдан Севастре – PhD, Ауылшаруашылық ғылымдары және ветеринарлық медицина университетінің патофизиология кафедрасының профессоры (Клуж-Напока қ., Румыния).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Булгакова Ольга Владимировна – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жалпы биология және геномика кафедрасының профессоры. Мамандығы: «6D060700 - Биология».

2. Кабдраисова Айсулу Жаксыбаевна – химия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Инфракос» РМК филиалының медициналық бағдарламалар бөлімінің бастығы (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 02.00.03 – Органикалық химия.

3. Иргашев Алмазбек Шукурбаевич – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің (ҚҰАУ) ветеринариялық-санитариялық сараптама, гистология және патология кафедрасының профессоры (Бішкек қ., Қырғызстан). Мамандығы: 16.00.02 – Жануарлардың патологиясы, онкологиясы және морфологиясы.

Қорғау 2026 жылдың 20 қарашасында сағат 14:30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте офлайн / онлайн форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/98880263861?pwd=Fj4V6EyMOa8x97UwHRRaYcGtNefjfw.1

Конференция идентификаторы: 988 8026 3861

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы