Баянды Гүлшат Асхатқызы — ҚазҰУ

Баянды Гүлшат Асхатқызы

13 қараша 2026

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05105 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Баянды Гүлшат Асхатқызының «Құтыру вирусына қарсы наноантиденелерді алу және сипаттау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының «Молекулалық генетика» зертханасында және «Антиген ғылыми-өнеркәсіптік кәсіпорны» ЖШС орындалды.

Қорғау формасы – диссертация.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1.  Касенов Мархабат Мэльсбекович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС бас директоры (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: 16.00.00 - «Ветеринария»;

2. Абдолла Нұршат – PhD, қауымдастырылған профессор, М. А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының молекулалық иммунология және иммунобиотехнология зертханасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: 6D060700 – «Биология».

Ғылыми жетекшілері:

1. Бисенбаев Амангельды Куанбаевич – биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан); 

2. Сапарбаев Мурат Калиевич – PhD, Густав Русси атындағы онкология институтының «ДНҚ репарациясы» зертханасының профессоры (Париж, Франция).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Орынбаев Мухит Бармакович – ветеринария ғылымдарының кандидаты,  ҚР ҰҒА академигі, профессор, «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері  (Қазақстан, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский кенті). 

2. Табынов Кайсар Казыбаевич – ветеринария ғылымдарының кандидаты,  профессор, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры (Алматы қ., Қазақстан);

3. Кошенов Жанат – PhD, Грац медицина университетінің молекулалық биология және биохимия кафедрасының ассистент-профессоры (Грац, Австрия).

Қорғау 2026 жылы 13 қарашада сағат 14:30-да әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте аралас (офлайн / онлайн) форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/96078425731?pwd=chJ14C3TQMF9jyFs8MIlegqQrvytar.1

Конференция идентификаторы: 960 7842 5731

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы