Шалабаев Жандос Смагулович — ҚазҰУ

Шалабаев Жандос Смагулович

6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D.) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Шалабаев Жандос Смагуловичтің «Қаттыфазалы және сұйықфазалы күкірттің нанобөлшектері мен композиттерін алу: қасиеттері мен қолданылу аймағын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Құдайбергенов Сарқыт Елекенович – химия ғылымдарының докторы, профессор, «Полимерлік материалдар және технологиялар» институтының директоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ инженерлік профиль зертханасының меңгерушісі.

Бакенов Жұмабай Бекболатович – профессор, «National Laboratory Astana» энергетика және жаңа материалдарды зерттеу орталығы жеке мекемесінің директоры, «Аккумуляторлар институты» ЖШС президенті және оның негізін қалаушы.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Бүркітбаев Мұхамбеткали Мырзабаевич – ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің бірінші проректоры, Қазақстан Республикасы.

2. Уракаев Фарит Хисамутдинович – химия ғылымдарының докторы, РҒА СБ В.С. Соболев атындағы геология және минералогия институтының жетекші ғылыми қызметкері, Новосибирск, Ресей.

3. Балаш Матей – Ph.D., Словак ғылым академиясына қарасты Геотехника институтының жетекші ғылыми қызметкері, Кошице, Словакия.

Қорғау 2019 жылы 26 желтоқсанда сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Қорғау тілі: ағылшын

2019 жылғы 26 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 қаңтардағы № 4-103 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Шалабаев Жандос Смагуловичке 6D072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы   мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

 Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Жарияланған күні:  26.11.2019