АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ
Аккредиттеу және институционалдық зерттеулер орталығы
Аккредиттеу және институционалдық зерттеулер орталығы - білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету мен арттыруға бағытталған аккредиттеу үдерістерін үйлестіретін және институционалдық зерттеулер жүргізетін университеттің құрылымдық бөлімшесі.
Орталық директоры м.а: Сарсембаева Айганым Тнысбековна
Орталықтың негізгі міндеттері:
Білім беру бағдарламаларын лицензиялау және аккредиттеу рәсімдерін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің лицензиялау және аккредиттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарын зерделеу, жүйелеу және олардың орындалуын бақылау;
Кадрлар даярлаудың жаңадан ашылатын бағыттары бойынша лицензиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
Университеттің білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу үшін қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыру;
Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтуге, сондай-ақ кадрлар даярлаудың жаңа бағыттары бойынша лицензия алуға өтінімдер беру;
Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және лицензиялау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру, жаңа білім беру бағдарламаларын аккредиттеу мүмкіндіктеріне қатысты аккредиттеу жөніндегі жұмыс тобына ұсыныстар енгізу;
Университеттің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін, сондай-ақ ғылыми зертханаларын аккредиттеу рәсімдерін ұйымдастыру және үйлестіру;
Университет филиалдарының, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызметін жүзеге асыратын филиалдарының лицензия алу және мемлекеттік аккредиттеуден өту процестерін ұйымдастыру және сүйемелдеу;
Университет факультеттерімен бірлесіп, аккредиттеу рәсімдері шеңберінде өзін-өзі бағалау есебін және лицензиялауға қажетті құжаттар топтамасын дайындауды ұйымдастыру;
Сыртқы бағалауды жүргізу мақсатында аккредиттеу агенттіктерінің сыртқы сарапшылық комиссияларының сапарын ұйымдастыру және үйлестіру;
Орталықтың құзыретіне жататын аккредиттеу және лицензиялау мәселелері бойынша факультеттер мен департаменттер қызметкерлеріне консультациялар мен семинарлар өткізу;
Аккредиттеу және лицензиялау мәселелеріне қатысты ақпараттық және әдістемелік материалдарды Орталықтың ресми веб-сайтында орналастыру;
Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және лицензиялау мәселелеріне арналған курстарға, семинарларға және конференцияларға қатысу.
Орталықтың функциялары
Университеттің білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және лицензиялау рәсімдерін жоспарлау, ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу және жүзеге асыру;
Аккредиттеу және лицензиялау мәселелеріне қатысты Университет және оның жекелеген білім беру бағдарламалары бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен факультеттерін аккредиттеу және лицензиялау құжаттамасын дайындау мен ресімдеуге арналған әдістемелермен және құралдармен қамтамасыз ету;
Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша өзін-өзі бағалау есебін әзірлеу үшін Университет факультеттері мен құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпаратты жинауды жүзеге асыру;
Аккредиттеу және лицензиялау процестеріне мониторинг жүргізу және консультациялық сүйемелдеу көрсету;
Университет пен факультеттердің аккредиттеу және лицензиялау рәсімдерінің мазмұны мен талаптары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-әдістемелік материалдарды дайындау және тарату;
Білім беру бағдарламаларын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін жүзеге асыру, оның ішінде: халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, білім беру бағдарламалары бойынша өзін-өзі бағалау есептерін дайындау барысына университетішілік мониторинг жүргізу, өзін-өзі бағалау есептерінің уақтылы әрі белгіленген талаптарға сәйкес дайындалуын бақылау;
Білім беру бағдарламаларын лицензиялау рәсімдерін жүзеге асыру, оның ішінде:
мемлекеттік лицензия алу мақсатында факультеттерден жаңа білім беру бағдарламалары туралы ақпарат пен деректерді жинау, өңдеу және талдау;
жаңа лицензияларды алуға өтінім беру процесін ұйымдастыру және бақылау;
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін және ғылыми зертханаларды аккредиттеу рәсімдерін ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыдан үйлестіру. Бұл ретте бейіндік материалдарды дайындауды және белгіленген ғылыми талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуді Ғылым және инновациялық қызмет департаменті жүзеге асырады;
Университет филиалдарының лицензия алу және мемлекеттік аккредиттеуден өту процестерін ұйымдастырушылық тұрғыдан сүйемелдеу, оның ішінде:
қажетті құжаттар топтамасын дайындау және қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шетелдік филиалдар болған жағдайда тиісті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасы заңнамасының және филиалдар орналасқан мемлекеттер заңнамасының талаптарын ескеруді қамтамасыз ету;
лицензиялау және аккредиттеу рәсімдеріне қойылатын талаптар мен белгіленген мерзімдердің сақталуын бақылау;
филиалдардың лицензиялау және аккредиттеу шарттарын орындауына мониторинг жүргізу.
Байланыс
№ | Орталық қызметкерлері | Байланыс |
1 | Орталық директоры м.а: Сарсембаева Айганым Тнысбековна | +7 (727) 377-33-30; 14-59 |
2 | Администратор: Садыкова Толганай Ерболатовна | Tolganay.Sadykova@kaznu.edu.kz +7 (727) 377-33-30; 14-59 |
3 | Жоғары санатты бас маман: Шаргынова Анар Ерлановна | +7 (727) 377-33-30; 14-59 |
4 | Бірінші санатты бас маман: Бексолтанова Ботагоз Омирбековна | +7 (727) 377-33-30; 14-59 |
Жаңалықтар жоқ