«Қытай-Қазақстан интеллектуалды есептеу және жасанды интеллект инновациялары» атты халықаралық симпозиумдағы сөзі — ҚазҰУ

«Қытай-Қазақстан интеллектуалды есептеу және жасанды интеллект инновациялары» атты халықаралық симпозиумдағы сөзі

18 тамыз 2026
«Қытай-Қазақстан интеллектуалды есептеу және жасанды интеллект инновациялары» атты халықаралық симпозиумдағы сөзі

Құрметті жиынға қатысушылар, қонақтар, 

қытайлық әріптестер!

 

Сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атынан бүгінгі халықаралық симпозиумның ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында: 

«Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытатын елге айналуы тиіс», – деп атап өткен болатын. 

Президентіміз жүктеген осы стратегиялық міндетті жүзеге асыруда бүгінгі алқалы жиынның орны ерекше.

Бұл шараның Қытай компьютерлік федерациясы мен оның Қазақстандағы өкілдігінің бастамасымен өтуі оның стратегиялық маңызын көрсетеді.

Бүгінгі симпозиум – екі елдің жетекші ғалымдары мен сарапшыларын бір арнаға тоғыстырған бірегей диалог алаңы.

Қытай мен Қазақстанның ғылыми әлеуетін біріктіру арқылы біз жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер мен үлкен деректер саласында ортақ инновациялық жобаларды жүзеге асыруға жол ашамыз. 

 

Дорогие участники симпозиума!

 

КазНУ имени аль-Фараби, выступающий площадкой для обсуждения инноваций мирового уровня, сегодня признан одним из ведущих исследовательских университетов в глобальном научно-образовательном пространстве.

Наш университет стабильно удерживает позиции в Топ-200 лучших вузов мира, поднявшись в престижном рейтинге QS на 177-е место. 

В стенах КазНУ успешно реализуется около 400 крупных научных проектов и функционирует более 50 инновационных объектов. 

За последние два года объем привлеченных инвестиций превысил 110 миллионов долларов США.

Мы уделяем особое внимание расширению международной партнерской сети. 

Сегодня филиалы КазНУ успешно работают в России, Кыргызстане и Турции, а в ближайшей перспективе мы планируем открытие филиала в Китайской Народной Республике.

В контексте этого стратегического вектора системно развивается наше сотрудничество с Китайской компьютерной федерацией.

Наше партнерство началось в августе прошлого года с международного семинара, посвященного большим языковым моделям и искусственному интеллекту. 

В октябре представители КазНУ приняли участие в Национальном компьютерном конгрессе в Харбине, где укрепили деловые связи с ведущими китайскими учеными.

Логичным продолжением этой плодотворной работы стало официальное открытие в апреле этого года на базе КазНУ Алматинского представительства Китайской компьютерной федерации.

Сегодня это представительство объединяет более 100 ведущих ученых и высококлассных IT-специалистов.

Казахский национальный университет полностью готов к исследованию и практическому внедрению передовых технологий – от искусственного интеллекта и интеллектуальных вычислений до работы с большими данными.

 

Құрметті қатысушылар!

Бүгінгі жиынға қос тараптың жетекші ғалымдарымен қатар, «Alibaba» сияқты әлемдік IT-гиганттардың өкілдері де қатысып отыр.

Симпозиумда үлкен тілдік модельдер, агенттік жүйелер және ЖИ-ді медицина мен ауыл шаруашылығында қолдану мәселелері талқыланады.

Озық әзірлемелер таныстырылып, университеттер мен IT-компаниялар арасындағы байланысты арттыру жолдары қарастырылады.

Бұл кездесу ғалымдарымызға тәжірибе алмасып, жаңа бірлескен жобаларды бастауға тамаша мүмкіндік.

Осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан Қытай компьютерлік федерациясына, серіктестерімізге және барша қатысушыларға арнайы алғыс айтамын.

Симпозиум жұмысына табыс, нәтижелі кездесулер тілеймін!

 

Назарларыңызға рақмет!