Жапон әдебиеті оқулығын әзірлеу жөнінде воркшоп
18 және 20 тамыз күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасына қарасты жапонтану бөлімінің ұйымдастыруымен жапон әдебиеті пәні бойынша оқулық әзірлеу жөнінде воркшоп өтті.
Тошиба халықаралық қоры демеушілік еткен шараға Жапонияның жетекші мамандары қатысты. Олардың бір бөлігі іс-шараға офлайн форматта, ал қалғаны онлайн форматта қосылды. Атап айтқанда, офлайн форматта Халықаралық жапон мәдениетін зерттеу орталығының профессоры Араки Хироши, Вако университетінің профессоры Сакай Хироки, Айчи университетінің қауымдастырылған профессоры Мотохаши Хироми және Киото Сангё университетінің қауымдастырылған профессоры Кидера Рицуко қатысты. Ал онлайн форматта Васеда университетінің профессоры Коно Кимико, Вако университетінің профессоры Цуда Хироюки және Токио университетінің профессоры Нагай Кумико қосылды. Барлық қатысушылар жапон әдебиеті, оны оқыту әдістемесі, сондай-ақ жапон әдебиеті оқулығын әзірлеу мен оның мазмұнына қатысты өзекті мәселелерді қамтыған мазмұнды баяндамалар жасады.
Жапон әдебиеті оқулығын әзірлеу бойынша жобаны қолға алып жатқан жапонтану бөлімінің оқытушылары (Ниномия Такаши, Андасова Марал, Боранқұлова Самал, Шадаева Мадина) да өз кезегінде баяндама жасап, жоба мазмұнын таныстырып, жапондық мамандармен ой-пікір алмасты.
Шара өте жоғары деңгейде өтті. Воркшоп барысында айтылған құнды пікірлер жақсы нәтижеге ұласады деп сенеміз.

.jpeg)
Басқа жаңалықтар