- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қаржылық сауаттылық және цифрлық қауіпсіздік: заманауи студенттің маңызды дағдылары
Қаржылық сауаттылық және цифрлық қауіпсіздік: заманауи студенттің маңызды дағдылары
2026 жылғы 11 қарашада молекулалық биология және генетика кафедрасында «Қаржылық сауаттылық. Цифрлық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында кураторлық іс-шара өткізілді. Кураторлар: Даулетбаева С.Б., Ловинская А.В., Суворова М.А.
Іс-шара барысында студенттермен қаржылық сауаттылық, жеке қаржыны тиімді басқару және цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында жеке бюджетті жоспарлау, қаражатты ұтымды бөлу, қаржылық алаяқтықтың алдын алу, интернет кеңістігінде жеке деректерді қорғау қағидалары қарастырылды. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, фишингтік хабарламаларды анықтау, банктік қосымшалар мен онлайн-сервистерді қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара студенттердің қаржылық жауапкершілігін арттыруға, цифрлық мәдениетін қалыптастыруға және заманауи ақпараттық қауіп-қатерлерден қорғану дағдыларын дамытуға бағытталды.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар