- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында «8D03101 - Әлеуметтану» және «8D11401 - Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының бірінші курс докторанттарымен кездесу өтті
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында «8D03101 - Әлеуметтану» және «8D11401 - Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының бірінші курс докторанттарымен кездесу өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында «8D03101 - Әлеуметтану» және «8D11401 - Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының бірінші курс докторанттарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Абдирайымова Гульмира Сериковна докторантурада оқуға қойылатын негізгі талаптармен, жеке жұмыс жоспарын әзірлеу тәртібімен, диссертациялық жұмыс тақырыбын таңдау мәселелерімен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру тәртібімен таныстырды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында академиялық жоспарлау, жарияланымдық стратегия, этика мәселесіне, зерттеу құзыреттерін дамыту және Scopus, Web of Science, ScienceDirect, Mendeley, Google Scholar сияқты заманауи академиялық ресурстарды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылып, докторантурада оқу барысындағы негізгі міндеттер, сондай-ақ оқу және ғылыми-зерттеу қызметінің басты бағыттары талқыланды.
Басқа жаңалықтар