- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған дәріс өтті
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған дәріс өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерінің қатысуымен студенттерге арналған танымдық дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Қаржы» және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Дәрістің негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және жастардың азаматтық жауапкершілігін нығайту.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкері қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың, заң талаптарын сақтаудың және қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығы түсіндірілді.
Аталған дәріс студенттердің құқықтық білімін кеңейтуге, заңдылық пен қоғамдық тәртіптің қоғам өміріндегі рөлін тереңірек түсінуге және жауапкершілікке негізделген азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары Оралбаева Ж.З., Арыстанбаева А.З. және Кукиев А.Ж.
Осындай тәрбиелік-танымдық іс-шаралар студенттердің құқықтық санасын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастар арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға ықпал етеді.