Қытай адвокаттары GRATA халықаралық заң фирмасымен танысты
10 қараша 2026
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесімен танысуға бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында Қытай Халық Республикасының адвокаттары GRATA International халықаралық заң фирмасына кәсіби таныстыру сапарын жасады.
Кездесу барысында қатысушылар халықаралық заң фирмасының қызметімен, Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі құқықтық тәжірибесімен, сондай-ақ бизнеске құқықтық сүйемелдеу және инвестициялық жобаларды қолдау бағыттарымен танысты.
Сапар адвокаттардың кәсіби тәжірибе алмасуына, Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға және халықаралық кәсіби байланыстарды дамытуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар
10 қараша 2026