Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Джеймс Джойстың «Finnegans Wake» шығармасын интерпретациялау және аудару мәселелері талқыланды — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Джеймс Джойстың «Finnegans Wake» шығармасын интерпретациялау және аудару мәселелері талқыланды

5 қыркүйек 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Джеймс Джойстың «Finnegans Wake» шығармасын интерпретациялау және аудару мәселелері талқыланды

2026 жылғы 5 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті, Мәдениетаралық коммуникация және әлем тілдері орталығында «Finnegans Wake: герменевтикалық әдебиеттану және аударматанудың нысаны» атты ғылыми семинар өтті.Семинарға сарапшы ретінде Сібір федералдық университеті Экономика мемлекеттік басқару және қаржы институтының НУЛ экономикасы және коммуникацияны дамыту жоғары мектебінің профессоры, Ресей аудармашылар одағының Красноярск өңірлік бөлімшесінің жетекшісі В.А. Разумовская қатысты.

 

Ғылыми семинар әлем әдебиетіндегі ең күрделі әрі көпқырлы шығармалардың бірі — Джеймс Джойстың «Finnegans Wake» романына арналды. Қатысушылар шығарманы герменевтикалық тұрғыдан интерпретациялау ерекшеліктерін, оның тілдік құрылымының өзіндік сипатын, көркемдік мағыналарының көпдеңгейлілігін және мәтінді басқа тілдерге аудару барысында туындайтын қиындықтарды талқылады.Әсіресе тілдік және мағыналық тұрғыдан аса күрделі шығармаларды зерттеуде әдебиеттану мен аударматанудың заманауи талдау тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері үлкен қызығушылық тудырды. Профессор В.А. Разумовская өзінің ғылыми тәжірибесімен бөлісіп, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

Семинардың жеке бөлімі ғылыми жарияланымдарды дайындау мәселелеріне арналды. В.А. Разумовская жоғары рейтингті ғылыми журналда жарияланатын мақаланы дайындау бойынша практикалық материал ұсынып, ғылыми мақаланың құрылымына, зерттеу мәселесін нақты қоюға, ғылыми нәтижелерді дәйектеуге және академиялық стильде баяндауға қойылатын талаптарға назар аударды.Семинар жұмысына филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының жас оқытушылары мен докторанттары қатысты. Докторанттар пікірталасқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өздерінің ғылыми ұстанымдарын білдіріп, шақырылған сарапшымен пікір алмасты.Ғылыми кездесу ресейлік және қазақстандық филологтардың кәсіби диалог құруына, ғылыми тәжірибе алмасуына, қазіргі әдебиеттану мен аударматанудың өзекті мәселелерін талқылауына мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

 

Орталық директоры С.Б. Бегалиева мұндай ғылыми іс-шаралардың академиялық ынтымақтастықты дамыту, жас зерттеушілерді қолдау және ресейлік және қазақстандық ғалымдар арасындағы кәсіби байланыстарды кеңейту үшін маңыздылығын атап өтті.Ғылыми семинардың өткізілуі ғылыми-білім беру саласындағы өзара іс-қимыл дәстүрін жалғастырып, Ресей мен Қазақстан арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, академиялық ортада орыс тілі мен мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

 

Орталық директоры — С.Б. Бегалиева