Дөңгелек үстел туралы есеп — ҚазҰУ

Дөңгелек үстел туралы есеп

6 қыркүйек 2026
Дөңгелек үстел туралы есеп


2026 жылғы 4 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінде Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жылтолуынаарналған «ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ЯДРОСЫЗ ӘЛЕМДІ ҚОЛДАУДАҒЫ РӨЛІ» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультеті Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Байкушикова Гульнара Серикбаевна ашты.

Құттықтау сөздерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Аренова Алмаша Арыстановна және Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы Цветков Виктор Юрьевич сөйледі.

«29 тамызполигоны» қоғамдық қорының басшысы Бозтаев Нурлан Кешримович кіріспе баяндама жасады. Ол қордың негізгі қызметіне тоқталып, тарихи аспектілер мен қазіргі жағдайды қамтыды, сондай-ақ жас ұрпақты тарихи жадыны сақтауға, ядролық сынақтардың салдары туралы қоғамдық хабардарлықты арттыруға және бейбітшілік мәдениеті мен болашақ алдындағы жауапкершілікті қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырды.

Дөңгелек үстел аясында Almaty Management University зерттеушісі Гусейнов Камран Камалович ядролық қарусыздану мәселесіне арналған ғылыми баяндама жасады. Өз баяндамасында ол ядролық қарусыздану саласындағы негізгі проблемалар мен қазіргі сын-қатерлерді қарастырып, халықаралық ынтымақтастықтың және ядролық қауіпсіздік тетіктерін нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ядролық қатерлерді азайтуға бағытталған бастамаларды ілгерілетудегі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың рөліне ерекше назар аударылды.

Бағдарлама аясында ардагерлердің және Швеция мен АҚШ-тан келген сарапшы қонақтардың сөз сөйлеуі де қарастырылды.

Бағдарламада студент-активистердің сөз сөйлеуіне де ерекше орын берілді. Бұл жас ұрпақтың ядролық сынақтардың салдарын есте сақтауда және ядросыз әлем идеясын ілгерілетудегі маңызды рөлін айқындады.

Сөз сөйлеулерден кейін сұрақ-жауап форматында пікірталас өтіп, оның барысында қатысушылар дөңгелек үстел аясында көтерілген мәселелерді талқылап, өз пікірлерімен алмасты.

Іс-шара ресми жабылу рәсімімен және қатысушылардың жалпы суретке түсуімен аяқталды.

Іс-шара «29 тамызполигоны» қоғамдық қорымен бірлесіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталықтың активінің қолдауымен өткізілді. Модератор және жауапты ұйымдастырушы – Деловарова Лейла Федоровна.