- Басты бет
- Жаңалықтар
- Механика-математика факультетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ашық кураторлық сабақ өтті
Механика-математика факультетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ашық кураторлық сабақ өтті
Алматы, 4 қыркүйек 2026 жыл. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде Қазақстан Республикасының «Заң мен тәртіп» жобасы аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ашық кураторлық сабақ өткізілді.
Іс-шара факультеттің «Қызыл залында» ұйымдастырылып, оған механика кафедрасының 1–4 курс студенттері қатысты. Ашық кураторлық сағаттың тақырыбы – «Студенттің құқықтары мен міндеттері: өз құқығыңды біл, міндетіңді ұмытпа!»
Іс-шараны механика кафедрасының аға оқытушысы Бейсембекова М.К. және ассистент-профессоры Көшербаева А.Б. ұйымдастырды.
Кураторлық сабақтың басты мақсаты – студенттердің өз құқықтары мен міндеттері туралы білімін кеңейту, білім беру ортасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік пен академиялық адалдық қағидаттарының маңызын түсіндіру, сондай-ақ өз пікірін еркін әрі мәдениетті түрде білдіру дағдыларын дамыту.
Студенттерді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында орын алған өзгерістермен таныстыру мақсатында сабаққа Заң факультетінен з.ғ.к., Жарболова Айгерім Жарылқасымовна шақырылды. Ол Конституциядағы негізгі өзгерістерге тоқталып, студенттердің құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және азаматтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме берді.
Сабақ барысында студенттер құқық пен міндеттің өзара байланысы, студенттің оқу орнындағы құқықтары мен жауапкершілігі, академиялық адалдық, оқытушы мен студент арасындағы өзара сыйластық мәдениеті сияқты маңызды мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар қатысушылар нақты өмірлік жағдайларды талдап, түрлі құқықтық мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Интерактивті форматта өткен сабақ студенттердің белсенді қатысуымен ерекшеленді.
Іс-шара қорытындысында студенттер өз құқықтарын білу мен өз міндеттерін жауапкершілікпен орындаудың біртұтас ұғым екенін атап өтті. Құқықтық сауаттылық пен заң талаптарын сақтау – заманауи студенттің азаматтық мәдениетінің маңызды бөлігі екені айтылды.
Ашық кураторлық сабақ студенттердің құқықтық білімін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және оқу орнында заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды.



Автор: Бейсембекова М.К.
Басқа жаңалықтар