- Басты бет
- Кампус
- «Заң мен тәртіп» қағидаттарын түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында студенттермен кездесу өтті.
«Заң мен тәртіп» қағидаттарын түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында студенттермен кездесу өтті.
2026 жылғы 3 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №1 Студенттер үйінде тұратын студенттермен «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында кездесу өтті. Кездесуге факультеттің деканы Бейсен Н.А., деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдраманова Г.Б., Студенттер қалашығы әкімшілігінің қызметкерлері және учаскелік полиция қызметкері Абаджан Н. қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты — студенттерді Студенттер үйлеріндегі ішкі тәртіп ережелері мен қоғамдық тәртіпті сақтау, ар-намыс кодексімен таныстыру, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік мәселелерін түсіндіру болды. Сонымен қатар, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Учаскелік полиция қызметкері жастар арасында кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары және алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Студенттер өз сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Кездесу соңында пікір алмасу жүргізіліп, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және Студенттер үйлерінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар талқыланды.


Басқа жаңалықтар