Студенттер үйінде тазалық пен абаттандыруға бағытталған сенбілік өтті
2026 жылғы 5 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер үйлерінде тазалық пен абаттандыруға бағытталған сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға Студенттер үйлерінде тұратын әртүрлі курс студенттері, коменданттар және Студенттер қалашығының мамандары белсенді қатысты.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – студенттер үйлерінің аумағында тазалықты қамтамасыз ету, санитарлық жағдайды жақсарту, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру және ортақ жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында студенттер үйлерінің ішкі және сыртқы аумақтарында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, аулалар мен ортақ пайдаланылатын орындар ретке келтірілді. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру және студенттер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Сенбілік барысында студенттер белсенділік танытып, қоғамдық ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын көрсетті. Бірлескен еңбек жастар арасында ұйымшылдықты нығайтып, өзара көмек пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етті.
Мұндай іс-шаралар студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды тазалықты сақтауға, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және өздері өмір сүретін ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Студенттер үйлерінде тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.




Басқа жаңалықтар