- Басты бет
- Кампус
- «Заң және тәртіп»: студенттер арасында құқықтық және есірткіге қарсы түсіндіру форумы өтті
«Заң және тәртіп»: студенттер арасында құқықтық және есірткіге қарсы түсіндіру форумы өтті
2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінің 1-курс студенттерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» тақырыбында форум өтті. Іс-шараға 290-ға жуық студент қатысты.
Форумға Студенттер қалашығы директорының орынбасары Е.Т. Қалшаев, Химия және химиялық технология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Г.Ж. Жақсылықова, сондай-ақ Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Д.А. Көбеев қатысты.
Форум барысында студенттерге есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне тигізетін кері әсері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар есірткіге тәуелділіктің салдары, құқықтық жауапкершілік, есірткі заттарын заңсыз қолдану мен тарату үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Кездесу барысында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы атап өтілді. Студенттерге есірткі қылмысының алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша маңызды ақпарат ұсынылды.
Іс-шара соңында студенттермен ашық сұхбат ұйымдастырылып, олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, жастарға құқықтық сауаттылық пен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде құнды мәліметтер ұсынылды.



Басқа жаңалықтар