- Басты бет
- Кампус
- №16 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.
№16 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті.
2026 жылғы 7 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №16 Студенттер үйінде «Студенттік өмір және заңды тәртіп: жауапкершілік пен этика» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру болды. Жиын барысында студенттік өмірдегі тәртіп ережелері, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ күнделікті қарым-қатынастағы әдептілік пен өзара құрмет мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шараға Студенттер қалашығы директорының орынбасары Е.Т. Қалшаев және Экономика және бизнес жоғары мектебінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Асқаров Ғани қатысып, студенттермен еркін форматта пікір алмасты. Өз сөзінде Е.Т. Қалшаев студенттердің тек білім алып қана қоймай, қоғамның белсенді әрі жауапты мүшесі ретінде қалыптасуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау мен академиялық адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу өтті. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және олардың тұлғалық дамуына оң ықпал етеді.



Басқа жаңалықтар