Факультеттердің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарларымен жиналыс — ҚазҰУ

Факультеттердің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарларымен жиналыс

8 қыркүйек 2026
Факультеттердің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарларымен жиналыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен факультеттердің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарларының қатысуымен жұмыс жиналысы өтті.

 

Жиын барысында білім алушылардың әлеуметтік-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, жастармен жұмысты жетілдіру, студенттік бастамаларды қолдау және тәрбиелік іс-шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

 

Сонымен қатар, жаңа оқу кезеңіндегі әлеуметтік және тәрбие жұмысының басым бағыттары айқындалып, факультеттер деңгейінде атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстар қарастырылды.

 

Жиын қорытындысы бойынша жауапты құрылымдарға бірқатар міндеттер жүктеліп, әлеуметтік-тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты іс-шаралар белгіленді.